Ссылки доступа

Ресейде рейд кезінде ұсталғандардың арасында 15 жастағы қырғыз қызы болған


Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) миграциялық рейд кезінде Ресейдің Красноярск аймағындағы фермада заңды өкілі жоқ 15 жастағы қырғыз қызының табылғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді.

29 сәуірде СІМ таратқан ақпаратта 2008 жылы туған жасөспірім фермада ата-анасы қол қойып берген қолхат негізінде 36 жастағы туған әпкесімен бірге жұмыс істеп жүргені жазылған. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы толтырылғаннан кейін қыз әпкесінің жанына жіберілген", - деді.

Осыған дейін Ресей ІІМ арнайы рейд кезінде Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжанның 68 азаматы жұмыс істеген фабрикада жасөспірім қырғыз қызы табылғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG