Құлубаев пен Черемин Қырғызстан мен Мәскеу әріптестігінің болашағы туралы әңгімелесті. Бұған қоса, СІМ басшысы Мәскеуде жұмыс істейтін қырғыз азаматтары көп екенін атап өтіп, қала билігінен оларға мейлінше ыңғайлы жағдай жасауды сұрады.
Ресей жағы Бішкектегі «Мәскеу үйі» мәдени-іскерлік орталығы жұмысының сәтті жүруіне мүдделі екенін атап өткен.
Бұның алдында Ресейде Орталық Азия елдері мигранттарын тексеру көбейгені мәлім болған. Еңбек мигранттарына қарсы рейдтер 22 наурызда «Крокус Сити Холл» концерт залында болған терактіден кейін жиі ұйымдастырыла бастаған.