Ссылки доступа

Қырғызстан үкімет басшысы жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады


Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаров 2-3 мамырда жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Жапаров Ташкент қаласында үкіметаралық екі жақты әріптестік бойынша бірлескен комиссияның отырысына және халықаралық инвестициялық форумға қатысады.

Іс-шаралар аясында екі тарапты кездесулер өтеді.

Бұдан бөлек энергетика және құрылыс салалаларында халықаралық компания басшыларымен кездесіп, құрылыс нысандарының бас жоспарларымен танысады.

Қырғызстан мен Өзбекстанның әріптестігі бойынша үкіметаралық комиссияның 10 отырысы былтыр 16 тамызда Шолпан ата қаласында өткен. Онда 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 32 пайызға өсіп, рекордтық 1 млрд 260 млн долларға жеткені айтылған.

XS
SM
MD
LG