Азаттықтың Өзбек қызметі дереккөздерінің хабарлауынша, Ташкенттегі сот Лутфулла Умаровты 6 жыл екі айға соттаған. Ол «Зики эски шахар» деген лақап атпен танылған.
Дөкейдің сотталғаны туралы әзірге ешқандай ресми мәлімет жарияланбады.
Астананың Шайхантахур ауданды сотындағы сотты бақылаған белсенділердің айтуынша, Лутфулла Умаров есірткі әзірледі, сақтады және сатты деген айыптармен кінәлі деп танылған.
52 жастағы Умаровпен бірге Өзбекстанда «Ташкенттік Бахти» (Бахтияр Кудратуллаев), «Сайидәзиз медгородок» (Саидәзиз Сайдәлиев) және «Бохо завхоз» (Баходир Сұлтанов) сынды дөкейлермен бірге ұсталған.
Оларды Өзбекстанның қылмыс әлемінің жетекшілері деп атайды. Бәрі былтыр қараша-желтоқсан айларындағы кең көлемді рейд барысында қолға түскен.