Ссылки доступа

Қырғызстанда "Мәңгі өлмес полк" шеруі өтпейтін болды


Биыл Қырғызстанда 9 мамыр Жеңіс күнінде "Мәңгі өлмес полк" шеруі өтпейді. Елдің ішкі істер министрлігі таратқан мәліметте, мұндай шешім әлемдегі соңғы оқиғаларға байланысты қауіпсіздікті сақтау мақсатында қабылданғаны айтылады.

"Мәңгі өлмес полк" шеруі Қырғызстанда 2014 жылдан бері өткізіліп келеді.

Былтыр Ошта өткен шараға үкімет басшысы Ақылбек Жапаровтың өзі қатысқан.

2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, бұл шеру Қырғызстанда өту керек пе, жоқ деген пікір-талас шыққан.

Бірақ сол кезде ел президенті Садыр Жапаров Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандардың ұрпақтары елде көп екенін айтып, "олардың шеруге қатысуға тыйым салуына ешкімнің құқығы жоқ" деген.

1941-1945 жылдары фашизмге қарсы соғысқа Қырғызстаннан 360 мыңдай адам қатысқан, олардың 90 мыңнан астамы майданда құрбан болды.

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 79 жыл толады.

XS
SM
MD
LG