Ссылки доступа

Тәжікстан Ресейде азаматтары "ауыр жағдайда қалғанын" жеткізді


Ресейде тәжікстандық еңбек мигранттары бойынша ахуал ауыр екені Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддиндин Ресейдің бас дипломаты Сергей Лавровпен кездесуінде айтқан.

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында екі дипломаттың телефон сөйлесуілері жайлы толық ақпарат жарияланды.

Министр Мухриддиннің "Тәжікстан азаматтарына жасалынып жатқан теріс пікір және олардың құқықтары мен бостандықтарының жаппай бұзылып жатқаны екі жақты келісімдердің ұстанымдарына сәйкес келмейтінін айтқаны жазылған.

Ресей министрі Лавров болса, "шаралар бір ұлтқа не бір дінге қарсы бағытталмағанын" жеткізген. Бірақ тәжік министрі "қысым тек Тәжікстан азаматтарына ғана бағытталғанын" айтқан.

29 сәуірде Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) Ресей аймағында Тәжікстан азаматтарына жасалып жатқан қысымдарға байланысты Ресейдің Душанбедегі елшісі Семен Григорьевке наразылық нотасын тапсырған.

Сергей Лавров Сирожиддин Мухриддинге "Крокус Сити Холлдағы" қайғылы оқиғалар Ресейге келген шетелдік азаматтарды тексерудің басты себебі екенін айтқан.

"Істелініп жатқан шаралар уақытша мәнге ие екені, олардың белгілі бір ұлтқа немесе дінге қарсы бағытталмағаны және шекара бекеттеріндегі қатаң бақылау біртіндеп реттелетіні" айтылған Ресейдің сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде.

Тәжікстан 27 сәуірде Мәскеудегі "Внуково" әуежайында мыңға жақын тәжік азаматы қамалып тұрғанын мәлімдеген. Арасында Ресейде білім алып жатқан студенттер де бар.

XS
SM
MD
LG