Ақпаратқа қарағанда, қазір эвакуация орталығында тағы 6 405 адам қалған.
Қазір Атырау облысында өзен жағасын бекіту жалғасып жатыр. Аймақта Жайық өзеніндегі судың деңгейі күн сайын өлшеніп жатыр. 1 мамырда су деңгейі көтерілгені хабарланды.
Селге байланысты өңірдің сегіз аймағында төтенше жағдай жалғасып жатыр.