Ссылки доступа

Ташкентте берешегі бар тұрғындарға су бермей қойд


Өзбекстан астанасында су ақысын төлемегендердің жалпы берешегі 200 миллиард сумнан ($15, 9 млн) түспей тұр, сол себепті қарызы барларды судан ажыратып жатыр.

Бұл туралы «Ташкент қалалық сумен қамту» кәсіпорынының баспасөз қызметі хабарлады.

Компания тұрғындар күн жылыған уақытта ауыз суды тұрмыстан басқа да қажеттілікке жұмсап жатқанын білген.

Үкімет қаулысына сәйкес, ауыз суды егістік суғаруға түнде ғана пайдаланға болады. Алайда тұтынушылар мұндай талапты орындай бермейді.

Былтыр желтоқсан айында жеке тұлғаларға, бюджет ұйымдарына және көтерме тұтынушыларға Ташкентте бір текше метр су тарифін 1400 сум ($0,11), ал заңды тұлғаларға 3000 сум ($0,24) деп бекітілген.

XS
SM
MD
LG