Ол сөзінде "жасыл" энергетика алдыңғы орында тұрғанын атап өтіп, 28 энергетикалық жобалар іске асырылып жатқанын жеткізді.
"Біз 2030 жылға дейін жаңаратын энергияның 20 гигаваттан астам қуатын құруды және оның энергетикалық баланстағы үлесін 40% жеткізуді мақсат етіп қойдық", - деді Мирзияев.
"Газета.уз" басылымының мәліметіне қарағанда, Өзбекстан былтыр эле Masdar (БАЭ), Gezhouba жана China Energy (Кытай) компанияларымен бірге 1,4 ГВт қуаттағы ірі жел және күн электр станцияларын іске қосқан. Бұдан бөлек ACWA Power компаниясымен "жасыл" сутек өндіру бойынша жобаларды іске асыру жолында жұмыс істеп жатыр.
Шавкат Мирзияев форум аясында инвесторларға Қырғызстан мен Тәжікстанда бірлесіп ГЭС салу жобалары жөнінде де ақпарат беріп, әлемнің алдыңғы қатарындағы компанияларды осы бағытта әріптестікке шақырды.
Сәуір айының ортасында Нарын өзеніне Қамбар ата ГЭС-ін салу үшін Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан бірлескен компания құрылатыны хабарланған. Онда 5-6 миллиард долларға бағаланып жатқан бұл жоба іске асырылғаннан кейін, станцияның акциялары мен активтері Қырғызстан меншігіне өтетіні айтылған.
2022 жылы Тәжікстанда Зарафшан өзенінде 140 МВт қуаттағы Яван ГЭС-і салына бастаған.
Мирзияев сонымен бірге инвесторлор мен халықаралық ұйымдарды "Қытай - Қырғызстан – Өзбекстан" және "Өзбекстан - Ауғанстан - Пәкістан" теміржол құрылысына қатысуға шақырды.