Ссылки доступа

Садыр Жапаров 9 мамырда Мәскеудегі шеруге қатысады


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 9 мамырда Мәскеудегі шеруге қатысады. Бұл туралы 6 мамырда мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Президент әкімшілігі сыртқы саясат бөлімінің жетекшісі Мұратбек Азымбәкиевтің айтуынша, 8 мамырда Жапаров Еуразиялық экономикалық кеңес саммитіне қатысады.

«Еуразиялық экономикалық кеңес жиналысында мемлекет басшылары 2025 жылға дейінгі еуразиялық интеграцияны дамыту туралы баяндамалар тыңдайды» дейді Азымбәкиев.

Президент әкімшілігінің хабарлауынша, Жапаровтың Мәскеуге сапары барысында маңызды шешімдер мен құжаттар қабылданады. Атап айтқанда, ЕАЭК елдері арасында электронды ақпарат алмасу туралы хаттама жобасы мақұладанады.

2023 жылы да Жапаров Ресей астанасына барып, 9 мамырда әскери шеруге қатысқан. Шеруді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан басшысы Сердар Бердымұхамедов, Беларусь президенті Александр Лукашенко және Армения премьер-министрі Никол Пашинян да көрген.

Қырғызстан президенті соңғы рет Ресейге 2024 жылғы ақпанда барған. Сол кезде ол Татарстанда болып, Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізген.

XS
SM
MD
LG