Ссылки доступа

СІМ "әйелін ұрды" деп айыпталған БАӘ-дағы елшінің кеңесшісін тез арада елге қайтарады


"Күйеуінен зорлық көргенін" мәлімдеген Карина Мамаштың "НеМолчи.KZ" қорына жазған хаты.
"Күйеуінен зорлық көргенін" мәлімдеген Карина Мамаштың "НеМолчи.KZ" қорына жазған хаты.

Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірлігіндегі елшінің кеңесшісін тез арада қайтарады.

Өзін "БАӘ елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелімін" деп таныстырған Карина Мамаш 10 жылдан бері күйеуінен зорлық көріп келе жатқанын мәлімдеп, Қазақстан билігінен көмек сұраған. Оның видео мәлімдемесін 6 мамырда әйелдер құқығын қорғаумен айналысатын "НеМолчи.KZ" қоры жариялады.

"10 жылдан бері зорлық көріп келе жатырмын... Маған көрсеткен барлық қорлығы үшін күйеуімді дипломат мәртебесінен айырып, түрмеге жапқанын қалаймын. Физикалық, жыныстық, эмоционалдық , экономикалық , тұрмыстағы зорлық-зомбылық" дейді Карина Мамаш видеода. Ол "НеМолчи.KZ" қорына денесінің көгерген тұстарын суретке түсіріп жіберген.

Әйел өзі мен балаларына қауіп төніп тұрғанын айтты. Кейін сыртқы істер министрлігі Қазақстанның БАӘ-дағы елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамашты елге қайтарып жатқанын хабарлады.

"НеМолчи.KZ" қорының жетекшісі Дина Смаилованың Азаттыққа айтуынша, Карина Мамаш қазір Абу-Дабидегі ауруханалардың бірінде. Ол "күйеуі телефонын сындырып тастаған соң байланысқа шығу мүмкіндігі жоқ" дейді. Смаилованың сөзінше, келіншек әлеуметтік желі арқылы арасында ғана хабар беріп отыр.

XS
SM
MD
LG