Ссылки доступа

Садыр Жапаров: Кытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысы қазан айында басталады


Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан темір жолының құрылысы 2024 жылдың қазан айында басталады. Бұл жөнінде қырғыз президенті Садыр Жапаров Ошқа барған сапарында айтты.

Қырғыз президенті қазір ел темір жол логистикасында тұңғиықта тұрғанын, қырғыз кәсіпкерлері әлемге тек Қазақстан мен Ресейдің темір жолы арқылы шыға алатынын білдірді. Жапаров егер "Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан темір жолы салынып бітсе, бұл қырғыз елі үшін ең үлкен жол болатынын" білдірді.

Қырғызстан аумағы арқылы өтіп, Қытайды Еуропамен байланыстыратын темір жол құрылысы көп жылдан бері айтылып, бірақ жүзеге аспай келе жатыр. Бұл бастама тек Өзбекстанда билік алмасқаннан кейін қайта жанданды.

2022 жылы қыркүйек айында Өзбекстанның Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті аясында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Қытай лидері Си Цзинпин және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің кездесуінде аталған темір жол құрылысын салу жөнінде келісімге қол қойды. Үш елдің аумағынан өтетін темір жол жобасының жалпы ұзындығы 280 шақырым болады.

Бұл жобаның жалпы құны 5 миллиард доллар деп бағаланған.

XS
SM
MD
LG