#SaveBishkekTrolleybus қозғалысы және басқа да топтар жергілікті әкімдіктің ресми жауабына сілтеме жасап, троллейбустар Ош, Токмок және Қара-Балта қалаларына өткізу жоспарланған екен.
Белсенділер әкімдіктен келген хаттың жауабын әлеуметтік желіге жариялады. Онда ескі троллейбустардың орнына 120 электрбус сатып алынатыны айтылған. Қаржылық қолдауды Азия даму банкі көрсетеді.
Қалалық кеңестің депутаты Қадырбек Атамбаев бұл мәселе екі ай бұрын көтерілгенін айтып, троллейбустарды сақтап қалу қажеттігі туралы 6 мамырда Фейсбукқа жазды.
Былтыр қараша айында Бішкек әкімі алғашқы электрбустар 2024 жылдың алғашқы жартысында келетінін білдірген.
Қазір муниципалды билікке тиесілі 135 троллейбус 11 бағытта жолаушы тасиды.