Мекеме мәліметінше, 7 мамырда 12.20 шамасында Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданы Ақ босаға ауылында мал жайып жүрген Тәжікстан азаматтарын байқаған. Бұл - шекарадан 250-300 метр қырғыз жері.
"Қырғызстан аумағынан кетуін талап еткен шекарашының сөздерін елемеген Тәжікстан азаматы, керісінде оған тас лақтырды. Малшының бірі Қырғыз шекара жасағына қарсы оқ атты", - делінген мәліметте.
Қырғызстан шекарашылары жағдайды ушықтырмас мақсатында, аспанға қарай оқ атқан. Осыдан кейін малшылар Тәжікстан аумағына қашып кеткен.
Қырғызстан тараптан ешкім зардап шекпеген. Ресми емес мәліметке қарағанда, Тәжікстан азаматтарының бірі аяғынан жараланған.
"Бірақ ол азаматтың нақты қайда, қай жерде жарақат алғаны белгісіз. Тәжікстанның құқық қорғау органдары тек суретті көрсетті", - деп атап өткен Қырғызстанның шекара қызметі.
Соңғы мәліметке қарағанда, қазір шекарада жағдай тұрақты.