Ол Мадумаровтың үстінен қылмыстық іс қозғалуына байланысты осындай шешім қабылданғанын айтты. Қожоқұлованың мәлімдеуінше, қазір саясаткер сот мәселелерімен айналысып жүр.
Орталық сайлау комиссиясы 26 сәуірде Адахан Мадумаровты депутат мандатынан айыру туралы шешім қабылдаған.
Жеті ай ҰҚМК тергеу изоляторында отырған Адахан Мадумаров 26 сәуірге қараған түні босатылды. Сол күні бірінші инстанция шешімі шыққанына 30 күн өткен.
26 наурызда Бішкектің Бірінші май аудандық соты Адахан Мадумаровты тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танып, қылмыс мерзімі өтіп кеткендіктен оған жаза белгілемеген. Саясаткерді 2009 жылы қырғыз-тәжік шекарасы жөнінде хаттамаға қол қойды, сол арқылы мемлекетке опасыздық жасады деп айыптаған.
Бішкек қалалық соты саясаткердің апелляциялық шағымын қабылдамады. Қалалық сот осы шешімін арыз түсіру мерзімі өтіп кеткенімен түсіндірді.
Мадумаров 2023 жылғы қыркүйектен бері қамауда отырды. Саясаткер Жогорку Кеңештің депутатты қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім бергенінен кейін ұсталған.