Ссылки доступа

Рахмон мен Путин мигранттар мәселесін талқылады


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Кремльде орыс лидері Владимир Путинмен кездесуде Ресейдегі еңбек мигранттарының ахуалы жайлы талқылауды ұсынып, мұны "өте сезімтал" жағдай деп атады.

"Әлбетте, бүгін сіздермен бірқатар мәселелерді, біздің еңбек мигранттарына байланысты жағдайды талқылағым келеді. Біз үшін бұл өте сезімтал, негізгі мәселелердің бірі", - деді Рахмон 9 мамырда Путинмен кездесуінде.

22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлда" болған терактіден кейін тәжік мигранттарын жаппай тексеру, қамау және депортациялау күшейген.

Эмомали Рахмон тағы да Ресей Тәжікстанның стратегиялық әріптесі және одақтасы деп атап, "бұл жылдар бойы біз ұстанымымыздан өзгерген жоқпыз" деді.

Путин сөзінде екі елдің қатынасын "көп салалар бойынша жылдан жылға белсенді дамып жатқанын" айтты. Ол Ресей Тәжікстанның негізгі сауда-экономикалық әріптесі болып қала беретінін жеткізді.

Тәжікстанда миллионға жуық азаматы Ресейде жұмыс істейді.

Эмомали Рахмон 9 мамырда Мәскеуде өткен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Совет-Герман жеңісінің 79 жылдығына арналған парадқа қатысқан.

XS
SM
MD
LG