Ресми мәліметке қарағанда, кездесуде екі елдің әр тарапты стратегиялық даму және одақтастық келісімдерін нығайту, оның ішінде сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.
Шавкат Мирзияев пен Владимир Путин сауда айналымының көбейгенін атап өтті.
"Көктем, жақында жаз – былтырғыдай Өзбекстанның жеміс-жидек, көкөністерін күтіп жатырмыз. Бұл сіз үшін де, біз үшін де жақсы. Бұл бағаны бір қалыпта ұстап, қымбаттауына жол бермейді", - деді Ресей президенті.
"Біз Өзбекстаннан өнімдерді сатып алуды жылдан жылға арттырамыз", - деді Владимир Путин.
"Бұл өте жақсы болушы еді", - деді Шавкат Мирзияев.
"Істейміз",- деді Ресей президенті.