Ссылки доступа

Өзбекстанға инвестор елдер арасында Қытай алда келеді


2024 жылдың алғашқы тоқсанында Өзбекстанға салынған инвестиция көлемі жөнінен Қытай көш бастап тұр. 2023 жылы да ҚХР Өзбекстанға ең көп қаржы құйған ел атанды.

Өзбекстан статистика жөніндегі агенттігінің мәліметінше, 2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында Өзбекстанның негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 107,1 трлн сум (шамамен $8,5 млрд) болды.

Негізгі капиталдағы шетел инвестициясы мен несиелер үлесі 70 пайызға жуықтаған.

Агенттік мәліметінше, Өзбекстанға қаржы құйған, несие берген елдер арасында Қытай (23 пайыз), Ресей (13,8 пайыз) және Түркия (8,5 пайыз) алда келеді. Инвестор елдер арасында Сауд Арабиясы (7,2 пайыз), Біріккен Араб Әмірліктері (4,8 пайыз) және Германия (3,8 пайыз) да бар.

Бұған дейін хабарланғандай, 2022 жылы осы көрсеткіш жөнінен Ресей бірінші (20,3 пайыз), Қытай екінші (16,4 пайыз) орында болған.

XS
SM
MD
LG