Президент халықтың жұмыспен қамтылуы және табысының артуы ең маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтіп, барлық деңгейдегі басшыларға бұл салада салғырттыққа жол берілмеуі керек екенін ескертті.
Биыл қаңтардан наурызға дейін Өзбекстанға шетелде еңбек миграциясында жүрген 58 мың адам оралса, сәуір айында тағы 57 мың азамат отанына оралған. Жыл соңына дейін тағы 250-300 мың адам қайтады деп күтіледі.
Жауапты шенеуніктердің алдына миграция бойынша біріңғай ақпаратты платформа түзу, оны "жеті квартал" жүйесіне интеграциялау, шетелде жұмыс істеп жүрген және ауыр жағдайға душар болған отандастарына көмек беру және елге қайтып оралған азаматтарды жұмыспен қамту міндеттері қойылды.