Ссылки доступа

Өзбекстанда 68 жастағы ер кісі жеті жастағы қызға озбырлық жасады деген күдікпен ұсталды


Өзбекстан балалар омбудсменінің хабарлауынша, 68 жастағы ер кісі кішкентай балаға ерсі қылық көрсеткені үшін ұсталған.

Мәліметтерге қарағанда, оқиға биыл 27 наурызда болған. Ішкі істер органдарына хабарласқан әйел 2017 жылы туған қызына егде тартқан кісі тиіскенін айтқан. 68 жастағы зейнеткер басқа да балалармен ойнап жүрген кішкентай қызды автокөлігіне алдап кіргізіп, сол жерде анайы әрекет жасаған.

5 сәуірде «он жасқа толмаған азаматқа ерсі әрекет жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 1 мамырда қылмыстық іс «жыныстық қажеттілігін анайы түрде мүжберлеу арқылы өтеу» бабына ауыстырылды.

Ер кісі қамауға алынды. Ол 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG