Ссылки доступа

Қырғызстан: ЖАҚ абақтыда журналистің соққыға жығылғанын терістеді


Жазаны атқару қызметі "Temirov Live" және "Айт айт десе" жобаларының директоры, төрт айдан бері тергеу абақтысында отырған Махабат Тажибек кызының сабалғаны туралы мәліметке пікір білдірді.

Мекеме журналист Бішкектегі №1 тергеу абақтысында соққыға алынды деген ақпараттар шындыққа сәйкес келмейді деді. Ақпаратқа қарағанда, 5 сәуірде Махабат Тажибек қызы отырған камерадағы бір әйелді басқа камераға аудару кезінде тергеу абақтысында отырғандар қызметкерлердің заңды талаптарын атқарудан бас тартып, қарсы шыққан.

"Тажибек қызы басқа сотталушылармен бірге басқа әйелдерді де бас имеуге шақыра бастаған. Бұл жағдай тіркеуге алынды. Медициналық тіркеуден өткенде Махабат Тажибек қызының қолында және білегінде қызарған дақтар анықталған. Қызметтік тексерудің нәтижесінде, камераластары өзінің өтініші бойынша сабап, олар әдейі мәміле жасағаны белгілі болды", - деп жазылған Жазаны атқару қызметінің мәліметінде.

Осының алдында Ресейге мәжбүрлеп шығарылған журналист Болот Темиров әйелі Махабат Тажибек қызы Бішкектегі №1 тергеу абақтысында соққыға жығылды деп мәлімдеген.

16 қаңтарда елдің ішкі істер министрлігі "Temirov Live" медиасының бұрынғы және қазіргі 11 қызметкерінің үйіне тінту жүргізіп, өздерін ұстап алып кеткен.

Журналистерге жаппай тәртіпсіздікке ашық шақырды деген айып тағылды.

XS
SM
MD
LG