Ссылки доступа

Қырғыз соты публицист Олжобай Шакирді бес жылға еркінен айырды


14 мамырда Шу облысы Аламүдүн аудандық соты жазушы әрі публицист Олжобай Шакирді бес жылға еркінен айырды.

Ол "жаппай тәртіпсіздікке шақыру" бабымен айыпталып, былтыр 23 тамызда ұсталған. Ол содан бері арнайы қызметтің тергеу абақтысында отыр. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамады.

Прокурор соттан оны жеті жылға абақтыға кесуді сұраған.

Жазушы әлеуметтік желіде онлайн акция өткізу ұсынысын көтерген соң қамалған.

Ол Ыстықкөлдегі төрт пансионатты Өзбекстанға беруге қарсы шыққан.

Олжобай Шакир деп танылған Олжобай Эгембердиев 2017 жылы "РухЭш" қоғамдық ағарту бағытында сайты ашып, сонда жұмыс істеп келген.

XS
SM
MD
LG