Ссылки доступа

Тәжікстанда «идгардак» балалар мерекесіне ресми түрде тыйым салынды


Тәжікстан парламенті Құрбан айт қарсаңында идгардак балалар серуеніне тыйым салатын заң ережесін қабылдады.

Парламент 8 мамырда «Дәстүрлер мен салттарды реттеу туралы» заңға өзгерістер мен толықтыруларды талқылап, кейін «Садои мардум» парламенттік газетінде заң ережесі түсіндірілген.

Басылымның хабарлауынша, балаларға дұрыс тәрбие беру мақсатында ресми мерекелерге қатысты заңдарға өзгеріс енгізілген. Құжат Құрбан айт күндері балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Соған сәйкес, енді мұсылмандар мерекесі кезінде кәмпит пен басқа да сыйлықтар тарату (идгардак) салтына тыйым салынады.

Тәжік қоғамында «идгардак» салты төңірегіндегі пікір-талас баяғыда басталған. Биыл сәуірде білім министрлігі мектептерге балаларды идгардакқа шығаруға рұқсат бермеу жөнінде тапсырма берген уақытта осы тақырып тағы да қозғалды. Оқушылардың кейбірінің ата-анасынан мектеп басшылығы балаларды ешқайда жібермеу жөнінде қолхат алған.

Бірнеше жыл тұрғын Тәжікстан үлемдер кеңесі «идгардак» шариғат пен ханафиттік ілімге қайшы деп тапқан. «Исламда мұндай салт жоқ» деген кеңес өкілдері.

Алайда мәдениеттанушылардың кейбірі «идгардак» тәжік дәстүрі мен ұлттық мәдениетіне қайшы емес деп есептейді.

XS
SM
MD
LG