Ибрагимді «Манас» әуежайында үкімет басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды. Ресми мәліметке қарағанда, Малайзия премьер-министрі сапар барысында жоғары деңгейдегі кездесулер өткізеді.
«Жүздесулерде Қырғызстан мен Малайзия арасында саяси, сауда-экономикалық, энергетика және мәдениет пен гуманитария салаларындағы қарым-қатынасты жанжақты дамыту мәселелері талқыланады» деп хабарлады қырғыз үкіметі.
Малайзия премьер-министрі Орталық Азия елдеріне сапарын Қырғызстаннан бастады.
Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Малайзия премьер-министрі Әнуар Ибрагимнің ресми кездесуі өтті. Тараптар түрлі салалардағы әріптестікті арттыру мәселелерін талқылаған.