Оқушы қыздардың ата-аналары Kun.uz сайтына хабарласып, директордың оқу істері бойынша орынбасары "екі-үш қызды сабақтан кейін, кейде сабақ кезінде жұмыс бөлмесіне алып барып тұрған" деген.
Мектеп басшылығы оқушылардың аналарын шақырып, мәліметті ашыққа шығару мекеменің абыройына нұқсан әкелетінін ескерткен. Басшылық "директор орынбасары ондай адам емес, кінә оқушылардың өзінде болуы мүмкін" деген.
Ата-аналар балаларын бірнеше күн мектепке жібермеген. 10 мамырда олар облыстық мектеп және мектепке дейінгі білім беру басқармасына қайрылып, директордың орынбасарын қызметінен алу бойынша арызға қол қойған.
Ақпаратқа қарағанда, директордың орынбасары өз қалауы бойынша қызметінен кету жөнінде арыз жазған. Бірақ ол "емделіп жатқанына" байланысты арызы қабылданбаған.
Қазір Әндіжан қалалық ішкі істер бөлімі тергеуге дейінгі тексеру жүріп жатқанын жеткізді. Балалар омбудсмені істі бақылауға алған.