"Басқа статистикаларға тоқтайтын болсам, Түркияда 13, Тәжікстанда 9, Қазақстанда 5, Италияда 5, Венгрияда 4, Германияда 4, Египетте 2, Сауд Арабияда 2, Оңтүстік Кореяда бір, Чехияда бір, Францияда бір, Моңғолияда бір азаматымыз бар", - деді Сыдыков.
Шетелде сотталып, жазасын өтеп жатқан қырғыз азаматтарының саны - 1 587. Олардың 750-ге жуығы Ресейде.
Қырғыз үкіметі Қылмыстық кодекске және Жазаны атқару кодексіне енгізілген өзгерістер жөніндегі заң жобасын Жогорку Кеңешке ұсынды. Құжат шетелде ұсталған қырғызстандықтарды елге алып келу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Заң жобасы ел президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша әзірленген.