Мензада Қабиева полиция қызметкерлерімен әңгімені видеоға түсіріп алып, оны фейсбукке жариялады. Оны полиция шақыртуға белсендінің әлеуметтік желілерде шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовқа қатысты жазғаны түрткі болғанға ұқсайды.
Белсенді өзін азаматтық ұстанымы үшін қудалап жатыр деп есептейді. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері бұған дейін де оның мазасын алып, Әблязов туралы сауалдар қойған.
Қазақстанда әлеуметтік желілерде «лайк» қойып, жазбаны бөліскені үшін азаматтарды полицияға шақырады. Freedom House ұйымы Қазақстанды «интернеті тәуелді» елдер қатарына жатқызған.