Оқиға 17 мамырда болған. Қыздың әкесі Kun.uz басылымына хабарлаған. Оның айтуынша, осы оқиғадан соң қыздың мектепке барғысы келмей қалған.
Өзбекстан балалар омбудсмені Сурайё Рахмонованың хабарлауынша, сол күні 14 жастағы Н. М. алгебра сабағы кезінде сыныптасы Х. Х.-пен ұрсып қалған. Директор сыныпқа кірген уақытта мұғалім оқушылардың жанжалы туралы айтып берген.
Директор К. Р. оқушыдан не себепті ұрысқанын, діни орамалды неге тағып алғанын сұрап, оны шешуді талап еткен. Қыз орамалын шешпеген уақытта директор оны ұрып, денесін жаралаған.
Бувайда аудандық милициясы оқиғаны тексеріп жатыр. Облыстық білім басқармасы жағдайды зерттеп жатқанын хабарлады.