Ссылки доступа

Қырғызстан ІІМ 18 мамырда шетелдіктерді ұрған күдіктілер ұсталғанын хабарлады


Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік пен бұзақылыққа қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында шетел азаматын ұрған бір күдікті қамауға алынды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, күдікті Бішкектегі оқиға кезінде адамдарды шетелдіктер тұратын орынға тасыған. «18 мамырдан бастап әлеуметтік желілерде шетел азаматтарын ұрып жатқаны туралы видео тарады. 20-25 жастағы белгісіз жас жігіт шетел азаматтарын ұрған. Мәліметтерге қарағанда, осы оқиға 18 мамырда таңертең болған. Белгісіз төрт адам «Дордой» базары маңындағы үйге кіріп, шетел азаматтарын ұрып, қашып кеткен» деп хабарлады ІІМ.

Сол маңда орнатылған бақылау камерасындағы жазбаға қарағанда, төрт күдікті «Мерседес-Бенц Спринтер» қара автокөлікпен келген. «Осы автокөлікті 1999 жылы туған ыстықкөлдік азамат басқарған» деп хабарлады ІІМ.

ҰҚМК басшысы Қамшыбек Тәшиевтің мәлімдеуінше, 18 мамырда Бішкектегі толқуға 700-ге жуық адам қатысқан. Олардың арасында қару қолданған арандатушылар болған. Тәшиевтің мәлімдеуінше, олардың көбі Қырғызстанда басқа елдердің еңбек мигранттары көбейгеніне наразылық білдірген.

18 мамырға қараған түні Бішкектегі оқиға кезінде ондаған шетел азаматы зардап шекті. 41 адам аурухана жүгінді, 11 адам ауруханаға жатты.

XS
SM
MD
LG