Жаңа ережелер 11 маусымнан бастап бүкіл әлемде күшіне енеді.
Шенген визасының ересектерге арнал түрі 90 еуро, ал 12 жасқа дейінгі балаларға 45 еуро болады. Алты жасқа дейінгі балаларға ақша төлеудің қажеті жоқ.
Қазір ересектер үшін консулдық алым 80 еуро, 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықтағы балалар үшін 40 еуро тұрады.
Еурокомиссия шенген визасының құнын әр үш жыл сайын қайта есептейді. Комиссия Еуроодақ елдеріндегі мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақсы мен инфляция деңгейін ескереді. Шенген аймағына 27 мемлекет кіреді.