Иран билігі тікұшақ апаты туралы жаңа мәліметтер жариялады. Иран президенті әкімшілігінің басшысы Голам-хоссейн Эсмаилидің айтқандарын IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігі таратты.
Президент көшінде үш тікұшақ болған. Эсмаилидің өзі жерге ешқандай қиындық қонған тікұшақтың бірінде отырған. Шенеуніктің айтуынша, ұшу кезінде ауа райы жақсы болған. Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясының Сунгун мыс кеніші орналасқан ауданды бұлт басқан. Апат сол жерде болған.
«Ол тұман емес. Шатқалдың төмен жағында тұман бар шығар, бірақ біз ұшқан биіктікте болған жоқ. Бұлттар тікұшақ ұшқан биіктіктен әлдеқайда жоғары орналасқан. Президент отырған тікұшақты басқарған ұшқыш басқаларына жоғары көтеріліп, бұлттың үстімен ұшуды тапсырған. Тікұшақтақ бікке көтерілді, шамамен 30 секундтан кейін біздің ұшқыш президент тікұшағы жоғалып кеткенін түсінді» дейді Иран президенті әкімшілігінің басшысы.
Содан кейін ұшқыш президент ұшағын табу мақсатында бірнеше мәрте айналып ұшты. Бір жарым минут бойы олармен байланыс орната алмады, сол кезде-ақ Bell 212 апатқа ұшырады деген ой келген.
Эсмаили отырған тікұшақ Сунгун кенішіне қонған соң президент тікұшағында отырған имам Сайед Мохаммад Әлі әл-Хашеммен байланыс орнаған. Ол Bell 212 апатқа ұшырағанын айтқан. Имам жан тапсырғанға дейін бірнеше сағат бойы байланыста болған.
Иран президенті Ибрахим Раиси, сыртқы істер министрі Хосейн Әмір Абдоллахиян және тағы алты адам отырған тікұшақ 19 мамырда кешке Иранның солтүстік-батысындағы Шығыс Әзербайжан провинциясында жоғалып кетті. Иран делегациясы Әзербайжаннан қайтып келе жатқан.
20 мамырда таңертең президент тікұшағының қалдықтары Әзербайжан шекарасынан 30 шақырым жерде, Тавиль ауылының маңынан табылды. Жолаушылардың бәрі қаза болды.