Ислам Каримовтің тұсында және Шавкат Мирзияев билікке келген алғашқы жылдары өзбекстандықтарға қажылық сапарға 5 200 квота бөлініп келген.
Маруповтың сөзінше, өзбекстандық зияратшылар үшін квота 2019 жылы 7 200, 2022 жылы 12 мыңды құраса, 2023 жылы 15 мыңға жеткен.
Осыған дейін Өзбекстандағы мұсылмандар үшін қажылыққа квота 24 мыңға дейін көбейетіні хабарланған. Бұл жөнінде тараптар 2022 жылы қыркүйекте келіскен.
Әдетте Сауд Арабиясының қажылық министрлігі елдерге квота беруде "әрбір мың мұсылман үшін бір зияратшы" формуласын пайдаланады.