Ссылки доступа

Түркіменстан мен Өзбекстан шекарасында жүздеген жүк көлігі өте алмай тұр


Түркіменстанда жүк көлігін басқаратын жүргізушілер түркімен-өзбек шекарасынан өтуге қажетті визаны ала алмай жүр. Осындай қиындық сәуірдің ортасында басталған. Бұл туралы LogiStan басылымы хабарлады.

Сәуірдің ортасына қарай шекарада қиындықтар басталған. Жүк көлігін жүргізузілерге өзбек жағы виза беруден бас тартқан. Соның салдарынан шекара бекетінде жүк көліктері қаңтарылып тұрып қалған. Олар әлі де көп.

LogiStan басылымының Ташкенттегі дереккөзінің айтуынша, өзбек билігі тұркімен және өзбек жүк тасушылардың жұмыс істеу мүмкіндігі екі түрлі екеніне наразы. Өзбекстандықтар Түркіменстанда құжат туырлауға көбірек ақша жұмсайды. Олар орташа есепен $700 — $900 төлейді, ал түркімен азаматтары Өзбекстанда виза алу үшін бар болғаны $200 жұмсайды.

Оның үстіне Өзбекстандағы жүргізушілер түркімен визасын алу үшін 20-40 күн жүреді, ал түркімендер өзбек визасын үш күнде алады.

Өзбек жүргізушілерінің Түркіменстан визасын алу ісін жеңілдету мәселесі 2024 жылғы сәуірде шешілуі тиіс болған, алайда түркімен делегациясы келісімге қол қоюдан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG