Азиза есімді (төлқұжаты бойынша Азиз) 23 жастағы трансгендер ұл боп туған. Бірақ кішкентай кезінен өзін қызбын деп есептейді.
Ол қоғамдық орындарда паспортына сәйкес, ер адамның киімін киюге мәжбүр екенін айтады.
Соңғы кезде оның өмірі нағыз "тозаққа" айналғанын жасырмайды.
– Мұнды бізді адам құрлы көрмейді. Бір күні Самарқандта ішкі істер бөлімшесінде бізді ұстап алып, иттерді бізге қарсы айтақтады. Арасында мен де болдым. Бізді видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялайды, – дейді Азиза.
Таяуда ғана Мәскеуден оралған трансгендер танысын түрмеге жапқан.
– Ақпан айында трансгендер танысым паспортын ауыстыру үшін Мәскеуден келді. Бірақ оны гомосексуалдық қарым-қатынас үшін айыптап, түрмеге отырғызды. Оны ерлер отыратын камераға қамаған. Бірақ ол әйел", - дейді Азиза.
Өзбекстанда гомосексуалдық қарым-қатынас үшін үш жылға дейін түрме жазасы қарастырылған.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Өзбекстанда сексуалдық азшылық қысымда өмір сүреді.