Ол бұл жөнінде 23 мамырда болған сот отырысы кезінде айтты.
Ол азаптау фактісі бойынша қырғыз омбудсменіне және Азаптауды ескерту жөніндегі ұлттық орталыққа шағымданғанын мәлімдеді.
Сот отырысы кезінде ақын өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін мәлімдеді. Ол ешқандайда жаппай тәртіпсіздікке шақырмағанын жеткізді.
Асқат Жетіген наурыз айының басында ұсталған. Ол 18 наурызда үйқамаққа босатылған.
Ақын әлеуметтік желіге қазіргі билікті сынайтын мәлімдеме таратқан. Ол келесі күні ұсталды. Жазаны атқару қызметі 23 мамырда Асқат Жетігеннің ешқандай азапталмағанын мәлімдеді.