Қылмыс 24 мамырға қараған түні болған. Милиция мәліметінше, оқиға орнында 1997 жылы туған бір әйелдің, төрт және екі жастағы балалардың денелері табылған. Оларды азаптап өлтіргені мәлім болды. Милиция К.Н. есімді жергілікті тұрғынға іздеу жариялады.
Тергеу мәліметінше, 2018 жылы Қара-Буурин аудандық соты күдіктіні кісі өлтіруге әрекеттенгені үшін сегіз жылға соттаған. 2023 жылғы наурызда ол босап шыққан. Бір жылдан кейін күдікті «інісінен кек алу мақсатында» осы ауылға келген.
Қырғызстан ІІМ қылмыс туралы 24 мамырда таңертең хабарлады. Милиция қызметкерлері оқиға орнынан қару мен балта тапқан. Бірнеше уақыттан кейін ІІМ күдіктінің көзі жойылғанын хабарлаған.