Ақпаратта Кара-Камыш, Сары-Челек, Үч-Коргон ауылдарында сел 56 үйдің қорасын, алты үйдің жертөлесін төрт тұрғын үйді басып, үш мал зардап шеккен.
Осының алдында Кезарт ауылында сел қаупінен кейін 250 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген.
ТЖМ 25 мамырда кешке қатты жауыннан Кара-Жыгач—Кызыл-Көл жолының 6 шақырымына сел жүргенін, Кара-Суу өзені деңгейі көтеріліп, оның шетінде тұратын 60-тан астам үйді су басу қауіпі тұрғанын хабарлаған.
Қазір селдің салдарын жою, апатты алдын алу істері жүріп жатыр.
Қырғызстанда биылғы көктем жауын-шашынды болып, көптеген аймақтарды су тасыды.