Мәліметті ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев ҚазТАГ агенттігіне растады.
Экс-министрді ұстау кезінде полиция қызметкері күдіктіге: «Бәлкім, өзінің кесірінен болған шығар» деп айтқан.
Полиция қызметкерінің осы айтқандары 9 сәуірде сот барысы кезінде тыңдалған.
Осы мәселеге қатысты қызметтік тексеріс басталғаны туралы хабарланған. Дүйсенбі күні ІІМ полиция инспекторына «қызмет тәртібін бұзғаны үшін» сөгіс жарияланғанын хабарлады.
Бұған қоса, Есіл аудандық полиция басқармасының шұғыл іс жүргізу маманына да қатаң сөгіс жарияланғаны мәлім болды. Видеожетонға полиция қызметкерінің көшеде экс-министрмен темекі шегіп тұрғаны, жерге түкіргені түсіп қалған.
13 мамырда Астанада сот Қуандық Бишімбаевты 24 жылға соттады. Сот оны азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса жауыздықпен өлтірді, азаптады деп таныды. Экс-министр тағылған айыптарды жоққа шығарумен болды. Онымен бірге туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін төрт жылға сотталды.