Ссылки доступа

Алматы облысында туристер бар автобус аударылып кетті


27 мамырда Алматы облысы Кеген ауданында туристер бар автобус аударылып кеткен, кемінде 25 адам, оның ішінде бір бала зардап шеккен.

Алматы облысы әкімдігі хабарлағандай, оқиға сағат 10-20-да Еңбекші қазақ ауданымен шектесетін Кеген ауданында болған.

Ақпаратқа қарағанда, Yutong маркалы автобустың жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, аударылып кеткен.

Автобуста 37 адам болған. Арасында Ресейден келген екі турист бар. 12 адам өздері жәрдем сұрап, ауруханаға қайрылған. Жалпы 25 адам жарақат алған.

"Жарақат алған төрт адамның жағдайы орташа. Қалғандары қанағаттанарлық",- деп айтылады әкімдік мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG