Ссылки доступа

Қырғызстанда Жээнбековті экс-президент мәртебесінен айыру үшін қол жиналған


Сооронбай Жээнбеков және Акылбек Тумонбаев
Сооронбай Жээнбеков және Акылбек Тумонбаев

Жогорку Кеңеш депутаты, "Элдик" депутаттық тобының төрағасы Ақылбек Тумонбаев Сооронбай Жээнбековті экс-президент мәртебесінен айыру үшін тиісті жиналған қол аяқталып қалды деді.

Ол бұл жөнінде Азаттықтың қырғыз қызметіне берген сұқбатында айтты.

"Біз қазір ол президент, үкімет басшысы болып тұрған кезде жасаған заң бұзушылықтарын дәлелдейтін құжаттар жинап жатырмыз. Қол жинау аяқталды. Біз 2020 жылы пандемия кезіндегі заң бұзушылықтар мен Бішкек жылу электр орталығындағы апат бойынша құжаттарды жинап шықтық", - деді ол.

Тумонбаев биыл 28 ақпанда парламентте Жээнбековті экс-президент мәртебесінен айыру жөнінде мәселе көтерген. Ол мұны экс-президент пен кеден қызметінің төраға орынбасары болған Райымбек Матраимов арасындағы қарым-қатынаспен байланыстырған.

"Матраимовты саяси сахнаға алып келген адамның аты-жөні неге айтылмайды? Ол кім? Ол - Сооронбай Жээнбеков", - деген депутат.

Қырғызстанда тәуелсіздік жылдардан бері елді бес президент басқарды. Оның арасында тек Роза Отынбаева мен Жээнбеков экс-президент мәртебесін сақтап қалған. Бұл мәртебе оларға қол сұғылмаушылық пен бірқатар материалдық артықшылық береді.

XS
SM
MD
LG