Ссылки доступа

Путинға "Талибанды" тыйым салынған ұйымдар тізімінен алу ұсынылды


Ресейдің сыртқы істер және әділет министрлігі ел президенті Владимир Путиннан "Талибан" ауғандық ислам қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастауды сұрады. Бұл жөнінде ТАСС агенттігі президенттің Ауғанстан бойынша өкілі Замира Кабуловаға сілтеме жасап хабарлады.

1996–2001 жылдар аралығында Ауғанстанда билікте болған "Талибан" 2021 жылдың тамыз айында елді қайта басып алды. Ресей билігі қазір "Талибан" өкілдерімен белсенді түрде қарым-қатынас жасап келе жатыр. ТАСС мәліметінше, "Талибан" өкілдері 5-8 маусым аралығында өтетін Петербург халықаралық форумына шақырылған.

2021 жылдың қазан айында Владимир Путин Ресей "Талибанды" террористік ұйымдар тізімінен алып тастауға жақын екенін, бірақ бұл шешім БҰҰ деңгейінде қабылдануы қажет екенін айтқан.

Қазір Ауғанстанда адам құқықтары жаппай бұзылып жатыр. Өркениетті заңдар шариғат заңдарымен алмастырылған. Әйелдерге жұмыс істеуге және білім алуға тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG