Ссылки доступа

«Өзбекстанға абырой әпермейтін сапар». Әлеумет Путиннің Ташкентке сапарын талқылады


Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барды. Президент қызметіне бесінші мәрте кіріскен Путин бұның алдында Қытай мен Беларусьқа сапарлаған.

Путиннің сапарына Өзбекстан қатты дайындалды. Президент Шавкат Мирзияев Ресей басшысын Ташкент әуежайында өзі күтіп алды.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Украинаға қарсы агрессиясы үшін Батыс санкцияларына іліккен Ресей Өзбекстанды санкцияларды айналып өтуге ыңғайлы ел деп санайды.

Владимир Путин еркін бара алатын елдер саны әлдеқайда азайды, себебі биыл наурызда Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот Ресей президентін Украинадағы әскери қылмыстары үшін ұстауға ордер берген.

Содан бері Ресей президенті халықаралық қылмыстық соттың Рим мәртебесін мақұлдаған елдерге бармай жүр.

Өзбекстан Рим мәртебесін мақұлдамаған. Гаага сотының шешімі шыққаннан кейін Путин алғаш рет Өзбекстанға сапарлап барды. Соңғы мәрте Ресей президенті Өзбекстанға 2022 жылғы қыркүйекте сапарлаған. Сол кезде бұл елде ШЫҰ басшылары кеңесінің отырысы ұйымдастырылған.

Путиннің Өзбекстанға сапарын әлеуметтік желі қолдаушылары негізінен сынады.

«Солтүстіктегі» қонақтың келуін сапар емес масқара деуге келеді. Себебі мұндай сапар бізге абырой әпермейді» деп жазды дінтанушы Мубашшир Ахмед.

Путиннің Өзбекстанға сапары қарсаңында Ташкентте қауіпсіздік шаралары күшейгені мәлім болды. ІІМ жол қозғалысы қауіпсіздігінің қызметі көлік жүргізушілерін 26-27 мамырда астанаға келмеуге шақырды.

«Мен мұндайды бірінші рет көріп отырмын. Айтарға сөзім жоқ» деп жазды журналист Мухрим Аъзамходжаев.

Алайда блогер әрі заңгер Зафарбек Солижонов Өзбекстанның Мәскеуге жақындауының пайдасы да бар деп есептейді.

«Интернетте Путинді балағаттап жатыр. Дұрыс. Олар өзбек халқының соғысқа қатысты көзқарасын жақсы біледі. Алайда мен бұған мемлекеттік шенеуніктер де қосылып, дипломатиялық жанжал туғанын қаламаймын. Санкцияларға байланысты ресурс іздегендердің ақшасын ала беру керек» деп жазды блогер.

XS
SM
MD
LG