Ссылки доступа

Иран Ресейге Украинаға соққы беру үшін жаңа әуе бомбаларын жіберген


Иран Ресейге Украинаға соққы беру үшін жаңа әуе бомбаларын жеткізді деп жазады Bild әскери сарапшы Юлиана Рёпкеге сілтеме жасап.

Рёпке пікірінше, 25 мамырда Курск облысындағы соққыға анализ жасап, Mohajer-6 дронының жаңадан шыққан Qaem-5 бомбасын тастағанын анықтаған.

Бұл дрондар Сумск облысын атқыламақ болған. Бірақ мақсатты жеріне жетпей, құлап түскен.

BBC орыс қызметінің жазуынша, Курск облысында дроннан құлаған бомба Qaem-5 әуе бомбасына ұқсайды.

Qaem-5 бомбасын Иранның 2019 жылы жасап шыққаны мәлім болған. Оның күші 40 шақырымға дейін жетеді.

Ресей әскері Украинаға 2022 жылдан бері Иранның Mohajer-6 дрондарын қолдана бастаған. Рёпкенің сөзінше, Ресейдің Qaem-5 бомбасын қолдануы Иран мен Ресейдің әскери қарым-қатынасының жаңа деңгейге көшкенін білуге болады.

XS
SM
MD
LG