69 депутат заң жобасын қолдаса, үш депутат қана қарсы шықты. Парламент отырысында сөйлеген экология министрі Мелис Тұрғұнбаевтың айтуынша, уран және торий кеніштерін игеру кезінде өндірістің қоршаған ортаға тигізуі мүмкін зияны озық технологиялармен бақыланады.
Биыл ақпанда президент Садыр Жапаров биліктің Ыстықкөл облысындағы Қызыл-Омпол уран кенішін игеру жөніндегі жоспарымен бөліскен.
Президент әкімшілігінің мәліметінше, Қызыл-Омполда шамамен 14 млн 757 мың тонна кен бар. Соның 0,22 пайызы торий, 0,17 пайызы уран.