Ссылки доступа

Ресей насихатын жүргізді деп күдіктенген полиция Еуропарламенттің екі елдегі ғимаратын тексерді


Ресейдің үгіт-насихатын жүргізумен айналысты деп күдіктенген полиция Еуропарламенттің Брюссель мен Страсбургтегі ғимараттарын тексерді.

Нидерланд депутаты Маресль де Грааф Гийом Прадурдың көмекшісінің жұмыс орны мен үйі тінтілді. Бұған дейін ол «Германия үшін альтернатива» партиясының депутаты Максимилиан Крдың көмекшісі болып істеген.

Бельгия прокуратурасы таратқан мәліметке қарағанда, күдіктіні тексеру аты-жөні аталаған еуродепутаттардың Voice of Europe басылымымен байланысын әшкерелеуі мүмкін. Бұның алдында Еуроодақ аталған басылымға Кремль үгіт-насихатын таратып, Украинадағы оқиғаларды бұрмалап бергені үшін санкция салған.

Де Грааф әлеуметтік желілерде көмекшісін тінту жөнінде ескерту алмағанын, полиция хабарласпағанын жазды. Voice of Europe редакциясы ЕО айыптауларын жоққа шығарып, оның өзін сөз еркіндігін шектеді деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG