"Ұстазды шәкірт алмастырғандай, кім болмасын оны да біреу сөзсіз алмастырады", - деді Рахмон.
Президент атап өткендей, мұндай кезде жастарға орын беру керек.
Президент Ұлттық ғылым академиясының қызметкерлері салыстырмалы түрде нәтижесі жұмыс істемей жатқанын айтып, бұл сала бойынша проблемаларды көтерді.
Соңғы төрт жылдан бері тәжік президенті мұндай кездесулерді бірінші рет өткізіп тұр. Президенттің баспасөз қызметі "бұл кездесудің мақсаты ғылым және білімді дамыту" деп атады.
Эмомали Рахмон Тәжікстанды 1994 жылдан бері басқарып келеді. Бүгінгі күні оның балалары, туысқандары мемлекеттік қызметте басқару тетіктерінде жұмыс істеп, кәсіпте те артықшылыққа ие.