Ссылки доступа

HRW  Өзбекстан үкіметін «президентті интернетте тілдегені үшін» жазалаудан бас тартуға шақырды


Президент Шавкат Мирзияев
Президент Шавкат Мирзияев

Халықаралық беделді Human Rights Watch («Хьюман Райтс Вотч») құқық қорғау ұйымы Өзбекстан үкіметін «президентті интернетте тілдегені үшін» қылмыстық жазалаудан бас тартып, осы айыппен сотталғандардың бәрін тез арада босатуға шақырды.

Ұйым сайтында 30 мамырда жарияланған мәлімдеме Өзбекстанда «президентті интернетте тілдегені үшін» сотталған азаматтар көбейіп кеткені жазылған.

Өзбекстанда осындай бап бойынша азаматтар үш жыл түзеу жұмысына тартылады немесе екі жылдан бес жылға дейін еркіндігі шектеледі, болмаса бес жылға сотталады.

Ұйым өкілдерінің пікірінше, азаматтарды осындай баппен бес жылға соттау адам құқықтарын өрескел бұзады.

«Өзбекстанда азаматтар қудалаудан сескенбей, президентті және биліктің басқа да органдарын ашық сынауға мүмкіндік алуы тиіс» дейді ұйымның Еуропа және Орталық Азия жөніндегі директоры Хью Уильямсон.

Былтыр ұйым «Өзбекстан президентін интернетте тілдегені үшін» сотталған бес адамның іс туралы жазған.

Ұйым Өзбекстан билігі сөз еркіндігі құқығын жүзеге асыруға тырысқан азаматтарды әділетсіз қудалап отыр.

Human Rights Watch мәліметінше, 2020 жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жала жабқаны үшін қылмыстық қудалаудан бас тартуға уәде берген, алайда 2021 жылғы наурызда «интернетте президентті тілдегені үшін» бес жылға соттайтын заң тәртібі қабылданған.

«Осының өзінен Мирзияевтің реформаларға қатысты уәделеріне күмәнен қарауға негіз бола алады» дейді ұйым өкілі Хью Уильямсон.

Мәліметтерге қарағанда, кейінгі 12 айда Өзбекстанда кем дегенде 10 адам Өзбекстан президентіне тіл тигізгені үшін сотталған.

XS
SM
MD
LG