11 мамырда Тәжікстан демократиялық партиясының кезектен тыс 18-съезінде Саиджаффар Усманзода партия төрағасы қызметінен шектетіліп, оның орнына Шахбоз Аброр сайланды. Усманзоданың өзі съезге қатыспаған, бірақ кейін дауысқа салу партия жарғысына қайшы деп мәлімдеген.
Әділет министрлігінің 31 мамырда жариялаған хатында «Тәжікстан демократиялық партиясының жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, министрлікте тіркелген» деп жазылған.
34 жастағы Шахбоз Аброр съезде 64 адамның даусына ие болған. Ол бұған дейін партияның Душанбедегі бөлімін басқарған.
Тәжікстан демократиялық партиясы 1991 жылы құрылған. Елде азамат соғысы аяқталып, бейбіт келісімге қол қойған уақытта осы партияны Махмадрузи Искандаров басқарған. 2006 жылдың аяғында Искандаров сотталып, оның орнына партия басшылығына Масуд Собиров келген. Осы уақытта партия екі қанатқа бөлініп, оның бірін Саидджафар Усмонзода (Исмонов) басқарған.
2013 жылы Әділет министрлігі партия жарғысын қайта тіркеп, Саидджафар Усмонзоданы саяси ұйымның ресми басшысы деп таныған. Бұрынғы демократтар оны «өз қалтасын ғана ойлайтын саясаткер», билік саясатын қолдады деп сынаған.
Саидджафар Усмонзода екі мәрте – 2013 және 2020 жылдары Тәжікстан президенті қызметіне таласып, көп дауыс жинай алмаған. Сол кезде сарапшылар оны саяси науқанға сайлауды легитимді деп көрсету үшін қатыстырды деп болжаған.