Бұл туралы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қатысуында өткен үкімет отырысында сөз болды. Отырыста "2024-2028 жылдарға арналған Тәжікстанның экстремистік және террористік өткені бар адамдарды реабилитациялау және реинтеграциялау бағдарламасы жөнінде" үкімет бағдарламасының жобасы талқыланды.
Бұл бағдарлама әзірге қоғамдық талқылауға шығарылмады.
БҰҰ секілді гуманитарлық ұйымдардың сарапшылары осыған дейін ІІМ содырларының отбасы мүшелерін реабилитациялау бойынша бағдарлама қабылдау қажеттігін айтып келген.
2018 жылдан кейін тәжік билігі Сирия мен Ирактан Тәжікстанға 300-ден астам әйелдер мен балаларды қайтарған.
Тәжікстан заңдарына сәйкес, басқа елдердің соғысына қатысқан азаматтар қылмыстық жауапқа тартылады.
Мамандар олардың бәрі психологиялық сауықтырудан өтуі керек деп есептейді.