Ссылки доступа

«Жетісу» футбол клубының директоры екі айға қамалды


Талдықорған қалалық тергеу соты жергілікті «Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғанын хабарлады.

Соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, клуб директоры екі айға қамалған.

Бұның алдында ғана жергілікті ақпарат құралдары «Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы жазған. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, ол 1,8 миллиард теңге (шамамен төрт миллион доллар) ұрлады деген күдікке іліккен.

Ашық дереккөздердегі мәліметтерде Дөңсебаев кәсіпкерлікпен шұғылданатыны, «Жетісу» әуе компаниясының президенті қызметін атқаратыны айтылған. Облыстық мәслихат депутаты болған. 2022 жылы Қазақстанда кезекті президент сайлауы қарсаңында мемлекеттік марапатқа ие болған.

Осының алдында ғана қаржы полициясы спорт саласындағы жемқорлық туралы мәлімдеме жасаған.

2018 жылы спорт саласының бюджеті екі есе көбейік, 1,4 триллион теңгеге жеткен, алдағы бірнеше жылда тағы 1,3 триллион бөлінеді деп жоспарланған. Жемқорлықпен күрес қызметінің мәліметінше, бақылаушылар Қазақстанда күмәнді футбол матчтары көп екенін айтқан.

Sportradar компаниясының 2023 жылғы наурызда жариялаған есебінде Қазақстанда 2022 жылы қырықтан астам күмәнді ойын тіркелгені айтылған.

XS
SM
MD
LG